ЖОБА ТУРАЛЫ

inai.ad не істейді

ЖИ қолданбаларына арналған жарнама сервисін жасап жатырмыз. Бизнес хабарландыру қосады, ал қолданба иелері оны ЖИ жауабының жанында көрсетіп, табыстың бір бөлігін алады. Команда Қазақстанда.

Бизнес үшін

Кабинетте сайттан не CSV-ден жарнама дайындап, деректерді тексеріп, науқан шарттарын белгілей аласыз. Іске қосар алдында материалдар тексеріледі. Көрсетілім, басу мен шығын есепте қолжетімді.

Қолданба иелері үшін

Әзірлеуші серверлік SDK-ны қосып, жарнама карточкасына орын дайындайды. inai.ad сұрау тақырыбына сай ұсыныс таңдайды. Сәйкес ұсыныс болмаса, карточка көрсетілмейді.

Жарнама қалай көрсетіледі

«Жарнама» белгісі бар бөлек карточкада. Оның мәтіні ЖИ жауабымен араласпауы керек. Көрсетілім тек inai.ad қосылған қолданбаларда болады; басты беттегі макеттер серіктестер тізімі емес.

Қазір не жұмыс істейді

Науқан дайындауға, қолданба қосуға және интеграцияны тексеруге болады. Қазір алғашқы қатысушыларды қосып жатырмыз: мақұлдау, іске қосу және есеп айырысу шарттары команда арқылы өтеді. Онлайн төлем мен автоматты төлеу әзірге қосылмаған.

Бізбен байланысу

Жарнама орналастыру, қолданба қосу не сұрақ қою үшін team@inai.ad мекенжайына жазыңыз. Әзірлеушілерге арналған нұсқаулық құжаттамада, ал деректерді өңдеу ережелері құпиялылық саясатында.